Арал теңізінің құрғауы экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ауыр зардаптарға алып келді. Әлемнің
түкпір-түкпіріндегі ғалымдар бірлесіп, табиғатты сақтап қалу жолында
тұжырымдарын жасады. Топырақтың құнарландыру әдістерін әзірлеп, өсімдіктердің
жайқала өсуіне ықпал етіп, аймақта су ресурстарын басқаруды жақсартуда.
Қазақстандық зерттеуші Майра Құсайынова су ресурстарын тиімді басқару әдістерін
зерттеп, мұндай жағдайға жергілікті фермерлердің бейімделуіне көмектесіп жүр.

