Жас ұлғайған сайын адам сүйегі беріктігін
жоғалтады. Сүйек сынғыштығына апаратын остеопороз сынды аурулардың қаупі
артады. Нәтижесінде, жеңіл соққының өзі сыныққа әкелуі мүмкін.
Қазақстандық ғалым Юлия Сафарова мәселені
оңтайлы шешудің жолдарын зерделеп жүр. Оның жұмысы сүйек тінінің регенерациясын
зерттеуге және сынықтан соң науқастардың тез оңалуына көмектесетін жаңа емдеу
әдістерін ойлап табуға бағытталған. Ғалымның мақсаты – егде жастағы адамдардың
белсенді әрі салауатты өмір сүруіне қолайлы мүмкіндіктер туғызудың жаңа
шешімдерін әзірлеу.

