Қазақстаннң аз зерттелген барлау аймақтарын зерттеу барысында млрд-таған тонна мұнай мен газ табылуы мүмкін. Бұл болжамды еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі келтріп отыр. Кен орындарын іздеу үшін ведомство жеке инвестицияларды тартуды ұсынуда. Бұл жұмыстарға аз зерттелген аумақтарды барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы көмек болмақ. Ол инвесторларды өз қаражаты есебінен жер қойнауын зерттеуге ынталандыру тетіктерін қамтиды. Осы мақсатта нашар зерттелген шөгінді бассейндерге мониторинг жүргізудің арнайы тәртібін бекіту жоспарлануда. Айта кету керек, Қазақстанның минералдық-шикізат базасына перспективалы мұнай-газдың 15 шөгінді бассейні кіреді. Олардың болжамды ресурстары шамамен 76 миллиард тоннаны құрайды. Оның ішінде бес бассейн толық зерттелмеген, олардың жалпы ресурстық болжамы шамамен 4,7 млрд тоннаны құрайды. Атап атар болсақ, бұл – Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс алаптары.