Бұл межеге жетуге азық-түлік
саудасы, әсіресе, халал индустриясы көмектеседі, деп атап өтті тараптар. Сауда және
интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында мемлекеттер арасындағы
өзара сауда АҚШ валютасымен 172,5 млн-ға жуық теңгені
құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ке
жуық жоғары. Қазақстаннан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы елге жеткізілген экспортқа
келетін болсақ, бес айда ол шамамен 78 жарым
миллион долларды құрады. Негізінен еліміз ферроқорытпалар, көмір, жармалар,
электр жабдықтары және
басқа тауарларды жөнелтеді. Индонезиядан Қазақстан
тұрмыстық техника, май, автокөлік және басқа да өнімдерді импорттайды.