Бұндай болжамды Еуропалық қайта құру және даму банкі келтіріп отыр. Халықаралық қаржы институты аймақ экономикасына жаңа шолу жасады. Құжатта алдағы жылы бұл көрсеткіш 4%-ке жететіні жөнінде айтылған.
Еске сала кетейік, былтырмен салыстырғанда алға басу байқалады. 2022 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3%-тен асқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елдің жалпы ішкі өнімінің ілгерілеуін кемінде 4% деңгейіне жеткізу міндетін қойған болатын.