Қазақстан Қытайға экспорт көлемін арттыруда

Қазақстан Қытайға экспорт көлемін арттыруда

Қазақстан Аспан асты еліне өнім жеткізу көлемін арттыруда. «Қытайға экспорт - ШЫҰ іріктеу» форумы әлемнің аса ірі нарқына отандық тауарларды ілгерілетудің негізгі алаңына айналды. Оған республикамыздың Сауда және интеграция министрі қатысты. Арман Шаққалиев Қазақстан жеткізілетін өнім түрлерін кеңейтуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, еліміз өнеркәсіптік кооперацияны, көлік- логистикасын, заманауи озық және экологиялық таза технологияларды енгізуді қоса алғанда, инвестициялық ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды көздейді. Біздің еліміз бірлескен өндірістерді құру кезінде дәл осындай инновацияларды қолдануды ұсынып отыр. Айта кетейік, Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өзара алыс-беріс көлемі артып келеді. Соңғы үш жылда екіжақты тауар айналымы тұрақты өсу серпінін көрсетіп отыр. 2023 жылы 41 млрд долларға, ал 2025 жылы 49 млрд долларға сауда-саттық жасалған. Бұл ретте өңірлік ынтымақтастықтың маңызы зор.  

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі

- Қазақстанның Шаньдун провинциясымен былтырғы тауар айналымы 6 млрд АҚШ долларын құрады. Биыл алғашқы екі айдың өзінде бұл көрсеткіштің 46% дейін өскенін көріп отырмыз. Осының бәрі өзара жоғары қызығушылықты білдіреді. Әрине, бұл сауда қатынастары ғана емес. Әңгіме бірлескен жобалар, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, логистикадағы, көліктегі кооперация туралы болып отыр.

Көрме аясында Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды. Экспозиция еліміздің өндірістік және экспорттық әлеуетін барынша танытады. Павильонда отандық өнімдердің сан алуан түрі қанат жайды. Шара аясында Қазақстандық компаниялардың өкілдері аспан асты елінің  бизнесімен бірқатар келіссөздер жүргізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?