Қазақстанға келуші саяхатшылар саны артты

Қазақстанға келуші саяхатшылар саны артты

Тек осы жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындарында шетелден келген 228 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізге 106 мыңнан астам адам жеке, ал 121 мыңнан астам адам іскерлік және кәсіби мақсатпен келген. Қазақстанға әсіресе Ресей, Түркия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, сондай-ақ АҚШ пен Германиядан саяхаттаушылар көптеп келеді. Аймақтар арасында Алматы, Астана және Шымкент орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр. Бұл ретте курорттық аймақтарға келушілердің ең көп саны Алматының таулы кластерінде байқалды. Демалушылар Маңғыстау мен Щучье-Бурабай курорттық аймақтарын таңдайды.