Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі сандық жүйеге келтірілуде. Қыркүйек айынан жасанды интеллект негізіндегі «дәрігер көмекшісі» енгізілмек. Бұл диагностика үдерісін оңтайландыруға және қателіктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуда. Ол әртүрлі дерекқорларды ауыстыруға және ауруханалар мен емханалардың жұмысында ашықтықты қамтамасыз етуге арналған. «Цифрлық құжат» және Face ID арқылы сандық сәйкестендіру жобасы да іске қосылды. Нәтижесінде негізсіз көрсетілген медициналық қызметтер көлемі 6% азайды. Сондай-ақ, сұранысы жоғары 8 медициналық анықтама түрі цифрландырылды. Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде 4,7 млн-нан астам осындай құжат тіркелді. Салалық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды. Мемлекет денсаулық сақтау мен салаға инновациялар енгізуге ерекше назар аударады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бүгінде Қазақстан күрделі трансплантациялық оталар жасалатын әлемнің 6
елінің қатарына кіреді. Қазақстанда протон терапиясын пайдаланатын заманауи
онкологиялық орталық ашылды. Мұндай орталықтар бүкіл әлемде 100-ден аспайды. 2024
жылы елімізде алғаш рет «Феталды медицина» инновациялық технологиясы енгізілді.
71 жатырішілік операция жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірі сақталып
қалды. Ағымдағы жылдан бастап емханаларда балаларды дамыту және ерте араласу
орталықтары ашылып жатыр. Бүгінде осындай 100 орталық жұмыс істейді.

