Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің қаншалықты қауіпті екеніне бағалау жүргізеді. Бұл үшін Төтенше жағдай бойынша комитет отырысы өткізіледі. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, инфекцияның таралу қарқыны алаңдаушылық тудырып отыр. Бүгінде ол әлемнің 39 мемлекетінде тіркелді. Маймыл шешегіне 1600 адам шалдыққан, 72 науқас көз жұмды.
Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Басшысы:
– Маймыл шешегінің өте тез өршуіне алаңдап отырмыз. Ауру бұған дейін мүлдем тіркелмеген елдерде жайылып барады. Сондай-ақ, вирустың бұрынғыға қарағанда өзгергені байқалды. Сол себепті алдағы апта төтенше жағдай бойынша комитет отырысы өтеді.