Өткен тәулікте тағы 411 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 149 082 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 746 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 163 019.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 19268
Алматы қаласы - 19637
Шымкент қаласы - 5619
Ақмола облысы - 7835
Ақтөбе облысы - 3763
Алматы облысы - 7656
Атырау облысы - 14392
Шығыс Қазақстан облысы – 19294
Жамбыл облысы - 5147
Батыс Қазақстан облысы - 9622
Қарағанды облысы - 12451
Қостанай облысы - 8168
Қызылорда облысы - 3443
Маңғыстау облысы - 3810
Павлодар облысы – 9957
Солтүстік Қазақстан облысы – 9185
Түркістан облысы – 3772
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 350, 525 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 904 жетті.