Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жаңа танымдық жоба іске қосылды. Енді жолаушылар автобустарда қазақ мәдениеті мен төл тарихына елеулі үлес қосқан қайраткерлердің тағлымды өмірі мен еңбектері туралы ақпарат алады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бастамаға 500-ден астам автобус тартылған. Олар 84 бағытқа қатынайды. Ұйымдастырушылар осылайша қоғамдық көліктерді тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани жаңғырудың тұғырнамасына айналдыуды көздеп отыр.
Сәкен Есіркеп, Астана қаласының Тілдерді дамыту және
архив ісі басқармасы басшысы:
- Қазіргі таңда, біз, 55 ірі тұлғаны көшелер бойынша
таңдап алдық, олардың арнайы аудиосын дайындап, бір 20 секунд, 30 секундтың
көлемінде сол тұлға туралы қысқаша ғана ақпарат береміз. Қазіргі таңда халық
тарапынан өте бір жылы қабылдап жатқан сияқты, өте әлеуметтік желілерде
бөлісіп, интернетте, жеке аккаунтарында айтып жатыр, бізге хабарласып айтып
жатқандар бар. Бұнын барлығы тек тұлғаның есімі беріп шектеліп қана қоймай,
оларды барынша дәріптеуді көздейді.
Жолаушылар да аудиохабарламалар ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеудің тиімді құралы деп отыр. Мұндай жоба ересектердің де, жастардың да білім көкжиегін кеңейтеді.
- Хандарымызды насихаттап, баяғыда кезінде қандай болды, соның
бәрі қазақи тәрбие үшін жастарға керек. Көбіне Еуропаға еліктеп кетті.
- Жалпы енді маған бірінші естігенде қатты ұнады. Өйткені
мен өз елімнің патриотымын, біріншіден. Екіншіден, біздің жасөспірімдер болсын,
Соларға керек жақсы ақпарат деп ойлаймын.
- Бұндай хабарламар негізі автобустарда жиі-жиі ойналып
тұру керек деп санаймын. Себебі өзіміздің тарихымызды білуге, білімімізді
арттыруға үлкен көмек тигізеді деп ойлаймын. Осындай хабарламалар арқылы, өз
елімізге деген патриоттық сезімімізді де арттыруға әсер етеді деп санаймын.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

