Елорда «қызыл аймақтан» шықты. 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар – Ақмола мен Павлодар. Кеше «қызыл» аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгін «сары» аймаққа шықты. «Сары» аймақта, сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақтар қатарында. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны алдыңғы күнмен салыстырғанда біршама азайғаны белгілі болды. 1007 адамда індет расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 199 мыңнан асты.