Әсіресе, көздің жауын алатын әсем табиғаты аралауға кеңес береді. Елде асқар таулардан шөлді бетпақтар, мөлдір су көздері мен ну тоғайлар, көне ескерткіштер мен заманауи сәулет нысандарын кезігуге болатыны жазылған. Мақала авторлары Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау аймақтарына толық танымдық сипаттама жасаған. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, біздің ел үндістандық туристер үшін ең тиімді әрі қызықты бағыт ретінде танылды. Бұған дейін Қазақстан curly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша үздік елдердің ондығына енген. Айта кетейік, Қазақстан қазір туризмнің әлеуетін барынша ашуға басымдық беруде.
Саланы дамытуға бағытталған 7 жылдық тұжырымдама әзірленді. Жоба көпшілік талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. Оның шеңберінде елімізде туристік аймақтарда әуе қатынасының қолжетімділігін күшейту, сондай-ақ ішкі рейстердің құнын төмендету жоспарланған. Жаңа туристік нысандар бой түзейді. Сондай-ақ ат спорты мен круиздік туризм түрлерін дамыту көзделіп отыр. Бұл мақсатта Ақтау портында теңіз вокзалын салу жоспарланған. Бұған қоса, визасыз елдер тізімі кеңейтіліп, қолөнершілерге саланы жаңғыртуға үлес қосуға жағдай жасалмақ.