Ұлы Абайдың «Қара сөздерінің» түрік тіліндегі жаңа аудармасы шықты. Тәржіманы жасаумен қазақ әдебиеті және мәдениетімен жақсы таныс жазушы-ғалым Ашур Өздемир айналысқан. Бұған дейін ол қазақтың белгілі қаламгерлері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын түрік тіліне аударған еді.
Ашур Өздемир, жазушы-ғалым:
- Қазақ пен Абайды жан-жақты түсіндіретін кітаптың бірі – «Қара сөздер». Абайды түріктер «ақын» деп біледі. Дегенмен оның философиясы мен басқа туындыларымен таныс емес. Бұл кітапты аударудағы басты себеп те осы. Әрине, бұған дейін қара сөздер аударылған. Алайда менің аудармамның мағынасы өзгешелеу.