БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинадағы қақтығыс тараптарын атысты дереу тоқтатуға шақырды. Ол осы елдегі соңғы оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдіріп, диалог орнату керектігін айтты.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Біз гуманитарлық операциялар және адам құқықтары жөніндегі күш-жігеріміз арқылы Украина халқына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Осы сын сағатта тез арада атысты тоқтатуға және заң үстемдігін қалпына келтіруге шақырамын. Ұстамдылық пен ақыл танытуымыз керек.