Бүгін Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның дерегінше, алғашқы топта Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшесі бар. Еске сала кетейік, бұған дейін Газа секторында 76 отандасымыз бары белгілі болған. Қазір қалған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кетейік бүгін, басқа 9 ел де өз азаматтарын эвакуациялауға кірісті.
Айбек Смадияров,
ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі
- Барлығы 594 адам
өтеді «Рафах» бекетінен. Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан
«Рафах» өткізу пунктінен іске асырылады. Бекеттен өткеннен кейін Қазақстан
азаматтары Каирге автокөлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан
кейін Қазақстанға жеткізіледі.