Шымкенттік майдангер биыл 100 жасқа толады

Шымкенттік майдангер биыл 100 жасқа толады

Шымкенте көзі тірі екі ардагер бар. Олардың бірі Мұратәлі Төлепбергенұлы осы айда 100 жасқа толады. Ғасыр жасаған қарт майдангер әлі тың. Жүздің жүзін көрген қария көп жасаудың сыры тынымсыз еңбектің арқасы, дейді. 18 жасында соғысқа аттанған жауынгер 339-шы дивизияның байланысшысы болған. Майдан даласында қару-жарақтан кейінгі серігі - 20 келілік рация. Алдыңғы шепте жүріп, штабпен байланыс орнату қиынның қиыны еді, деп еске алады.

Мұратәлі Төлепбергенұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Ол рация мынау сияқты емес 12 километрден артық жерден ала алмайтын. Онодный батареямен істейтін. Онодный батарея екі түрлі болады 16 кило Рацияның өзі 8 кило екі адам арқалап жүреміз. 339 дивизионның батареясында радист болып істедім.

Майдангер Беларусь, Украин жерлерін жаудан азат етіп, Берлинге дейін жаяу барған. Брест қамалы мен Данск, Виссмарк қалалары мен Варшаваны құтқару операцияларына да қатысқан. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Мұратәлі Төлепбергенұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Неміс жерінде Одыр өзенінде шекара өзені сол өзеннен өткен соң 1945-ші жылы Германияны басып алдық. 49 жылы Германиядан мына Түлкібасқа 40 күнге пропуск алып ауылымда 20 күн жүріп қайтқан адаммын.

Ардагер соғыс даласынан кейінгі әр таңды бақытқа балайды. Өйткені қан майданның ортасынан ел ішіне, бейбіт өмірге аман оралды. Соғыстан кейін ұжымдық шаруашылықта еңбек еткен. Қария бүгінде 2 ұл мен 6 қыз өсіріп, одан 21 немере мен  27 шөбере сүйіп отырған бақытты жан. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?