Қазақстандағы «жасыл» жобаларға ЕҚДБ 150 млн қаражат бөлуге дайын

Қазақстандағы «жасыл» жобаларға ЕҚДБ 150 млн қаражат бөлуге дайын

Жаңа қаржыландыру бағдарламасына ел бойынша ірі және орта компаниялар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бөлінген қаражаттың шеңберінде оларға өндірісті жаңғыртуға және ресурстардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріледі. Жалпы алғанда, Еуропалық қайта құру және даму банкі 300-ден аса жоба аясында Қазақстан экономикасына 10 миллиард еуродан астам инвестиция салған.