Қазақстанда ветеринарлық бақылау процессін толықтай автоматтандыру жоспарлануда. Ауылшаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ірі қара мен қой-ешкінің бүкіл тіршілігін бақылауда ұстайтын жүйе құру елдегі эпизоотикалық қауіпсіздікті едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, ет өңдейтін кәсіпорындарда және ет сататын орындарда QR-коды бар сараптама актілері беріледі. Ол сараптаманың қорытындысында, үй жануары туралы барлық дерек көрсетіледі. Пилоттық жоба, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қалаларында іске қосылды. Сонымен қатар, жүйеге жаңа цифрлық құжаттар енгізіледі. Олар, алғашқы әрі нақты мәліметтерді негізгі «VETMOBILE» мен «TortTulik» ақпараттық жүйелеріне тікелей аударады.