«Kazinform» агенттігі соғыс жылдарындағы бірегей фотосуреттерді ұсынды

«Kazinform» агенттігі соғыс жылдарындағы бірегей фотосуреттерді ұсынды

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы фотокөрме ашылды. Экспозицияны Президент телерадиокешенінің қолдауымен Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырды. Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» қолдау көрсетті. Жеңістің 80 жылдығына орай мұнда соғыс жылдарында фототілшілерд түсірген 80 архивтік сурет қойылды. Өмір мен өлімнің арасында жүріп олар тарихты фотоға түсірді. Әр кадр майдан даласындағы жауынгерлердің батырлығы мен ерлігінен сыр шертеді. Тыл еңбеккерлері, дәрігерлер мен ғалымдардың орсан зор еңбектері де бейнеленген. Олардың ерліктері халықтың ерік-жігері мен жауынгерлік рухының символына айналды. Көрме шілденің соңына дейін жұмыс істейді. Бейне нұсқасы елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы LED-экрандардан көрсетіледі.


Нағашыбек Алдан, «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі басқрушы директорының орынбасары:


- «Көп архивтерде жұмыс атқардық. Оның ішінде жеке фондтар да болды. Және мемлекеттік музейлер, кітапханалар да болды. Оның ішінде Қазақстанның және Ресейдің архивтерінде жұмыс істедік. Бас-аяғы мыңдаған суреттер жиналды қолға. Іріктеліп жиналды. Оның ішінде біз осы көрмеге деп арнайы 80 суретін шығардық. 80 жылдыққа орай 80 сурет».


Владимир Курятов, «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі басқрушы директорының орынбасары:

- «Фотокөрмеде 4 блок бар. Алғашқы блок Бірінші дүниежүзілік соғысқа арналған. Батыр панфиловшыларға жеке блок жасақталды. Тылда еңбек еткен әйелдер мен темір жолға арналған бөлек-бөлек блоктар бар».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?