Биыл отандық өңдеу өнеркәсібі саласында 158 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағытталған және импорт алмастыру жобалары Қазақстан даму банкі және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылады. Қолдау шаралары шағын, орта және ірі бизнестегі жобаларды қамтиды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.