Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді

Биыл Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы Премьер-Министрдің есебін тыңдады. Олжас Бектеновтің айтуынша, ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсім бар. Негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы жиналып, 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Сондай-ақ президентке су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 жарым мыңға жуық отбасы жаңа қонысқа көшті. 9 мыңнан астам  отбасына өтемақы төленді.