Осылайша пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, этникалық қазақтардың өтініштері еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне келіп түскен. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар тұрақты қоныстану орны, жұмысқа орналасу және өңірлік квотаға енгізу бойынша өтініштерді қарап, ұсыныстарын беруі тиіс.
Еске сала кетейік, Этникалық қазақтарды қабылдау тетігін
қайта қарау республиканың 2023-2027
жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде
жүргізілді.