Қазақстанда үшінші жыл сайынғы білім беру технологиялары форумы жалғасуда. Бұл жолы шара онлайн форматта өтеді. Бұл дегеніміз форумға кез келген адам қатысушы бола алады. Ұйымдастырушылар бір алаңда 5 мыңнан астам тыңдаушыны жинауды жоспарлап отыр. Саланы дамытудағы жаңа трендтерді талқылауға әлемнің түкпір-түкпірінен 40-тан астам атақты спикер жиналды. Олар болашақтағы білім жүйесіне өтуге жетіспейтін тұстарды анықтауға тырысты.
Спикерлердің айтуынша, аталмыш салада педагогтердің білімін арттыруға басты назар аудару қажет. Сондай-ақ шара барысында қатысушылар «Болашақ мектебін қалай құруға болады?» деген сұраққа жауап беруге тырысып, мектеп қабырғасынан директорлар кеңесіне дейін қалай көтерілуге болатынынын талқылап, трансформациялық білім беру және өзге де тақыптарды сөз етті. Форумның қашықтан өткеніне қарамастан, қатысушылар шеберлік сабақтарынан да өтті.
Эльмира Обри, АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросының бас атқарушы директоры:
- Бізге болашақ білімге көшудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу үшін не қажет және жаңа жағдайларда қалай жұмыс істеу керекпіз. Біз әлем бұрынғыдай болмайтынын, ештеңеге қарамастан өзгеруді қажет ететінін түсінеміз. Себебі пандемия мен қатар жаңа заманның балалары білім беру жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Болашақта қандай мамандық сұранысқа ие болатынын болжау мүмкін емес, сондықтан оларға кез келген кәсіпте қолдана алатын білім беру қажет.
Авторы: Ақзер Сегізбай