Otandastar Qory «30 игі іс» акциясына атсалысты

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «30 игі іс». Егеменді елдің мерейтойына орай қолға алынған игі шараға қазақстандықтар белсенділік танытып жатыр. Қайырымды жандардың қатарында «Otandastar Qory» бар.  Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы саябақтардың бірінде жасыл желек көшеттерін екті. Акцияға Ыстамбұл, Ташкент, Омбы және Киевтегі қазақстандықтар да атсалысты.

Мағауия Сарбасов, «Otandastar Qory» вице-президенті:

- Қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл шара Президенттің 5 жылдың ішінде 15 млн ағаш отырғызу қажет деген тапсырмасын жүзеге асыру аясында қолға алынған. Сондай-ақ Елбасымыз елордамен оның айналасын жасылдандырудың маңызын айтқан болатын. Бұл шара күзде де жалғасын табады.