Бельгияның ең ірі әуе тасымалдаушысы Brussels Airlines (Брасселз Эйрлайнз) 700-ге жуық рейсті кейінге шегерді. Жаз мезгілінде сұраныс өте жоғары болатын маусымда ұшақтар ұшпайтын болды. Бұған дейін әуе компаниясы 148 рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлаған еді. Енді, шілде және тамыз айларында тағы 527 қосымша рейс жабылды. Бұл шешім кәсіподақтардың талабы бойынша қабылданған. Еске салсақ, үш күнге созылған ереуілде компанияның мыңдаған қызметкері жұмыс жүктемесін азайтуды талап еткен. Коронавирустық шектеулер алынып тасталғаннан кейін шекаралардың қайта ашылуына байланысты рейстер саны күрт өсті. Бірақ қызметкерлер қатары көбейген жоқ, ақыры соңы жаппай ереуілдерге ұласты.