Батырлар рухына тағзым

Батырлар рухына тағзым

Ер есімі - ел есінде. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды. Ғалым, жазушы майдангер дәл осы оқу ордасының түлегі әрі оны 12 жыл басқарды. Қара шаңырақтан 200-ден астам студент пен оқытушы соғысқа аттанған. 9-ы Кеңес Одағының Батыры атанды. Жеңістің 80 жылдығына орай жоғары оқу орнында ержүрек түлектерді ұлықтау үшін «Ерлікке тағзым» атты тасбелгі ашылды.


Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры:


- Біздің университет қазақ жоғары білімінің тұңғыш қара шаңырағы. Мақсатымыз - осы университетімізден майданға аттанған барша түлектер, студенттер оқытушылардың рухына тағзым ете отырып, олардың жанқияр ерлігін бүгінгі жастарға, өзіміздің студенттерімізге дәріптеп, үлгі ету.


Ал, Қызылорда облысында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтің есімін жаңғырту мақсатында мемориал ашылды. Сыр перзенті соғыстан кейін ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етті. Ерен ердің рухына тағзым ету үшін туған ауылында еңселі ескерткіш бой көтерді.

Талдықорған қаласындағы көшелердің бірі енді Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің атымен аталады. Халық қаһарманы - Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында отандық қарулы күштердің негізін қалауға бар күш-жігерін жұмсаған мемлекет қайраткері.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?