Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев биылғы Олимпиададағы қысқа бағдарламада Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» композициясына өнер көрсетті. Бұл орындауы үшін Денис Васильев 85 ұпай жинап, аралық 7-орынға ие болды.
Қытай Олимпиада ойындарында көш бастап тұр
Айта кетейік, бүгінде Қытай құрамасы медаль саны жағынан көш бастап тұр. Аспанасты елі спортшыларының қоржынында 3 алтын мен 2 күміс бар. Екінші орынды 3 алтынмен Швеция иеленді. Үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс және 2 қоламен Ресей түйіндеп тұр. Ал біздің еліміздің жүлде қоры әзірге бос.