Туристік бағытта қала арасында қатынайтын көліктер қызметін қайта бастады. Вокзалдар, білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істейді. Мейрамханалар, дәмханалар толымдығы 50% аспайтын жағдайда жұмыс істей алады. Негізгі шарт: нысан Ashyq жүйесінде тіркелген болуы керек.