Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін жария еткені үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін. Мұндай өзгеріс Цифрлық экожүйені дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған. Бұл туралы цифрлық даму министрлігі «Ашық Нормативтік құқықтық актілер» сайтында жариялады.
«Осындай құқық бұзушылықтардың ұзақмерзімді салдарын ескере отырып Моральдық және материалдық залал келтірілген жәбірленушілерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабының 1-тармағында көзделген екі айлық мерзім жеткіліксіз»,- делінген тұжырымдамада.
Айта кетейік, сайттағы қоғамдық талқылаулар 2022 жылдың 5 қыркүйегінде аяқталады.