Германияда Орталық Азия елдері туралы фотокөрме ашылды

Германияда Орталық Азия елдері туралы фотокөрме ашылды

Тәуелсіз Қазақстан және Орталық Азияның өзге республикаларының даму қарқыны қандай? Германияда ашылған фотокөрме осыдан хабар береді. Экспозиция аймақ мемлекеттері мен германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылған. Екіжақты байланыстардың даму кезеңдері де фототуындыларға арқау болған. Мерейтойлық көрме екі ай бойы жалғасады.

Дәурен Кәріпов, Германиядағы Қазақстан елшісі:

 – Осы көрме биыл тамыздың 5-іне дейін созылады. Қызықшылық танытқан кісілергі келіп, осы әрбір мемлекеттің тарихымен, осы даму жолымен, мәдениетімен, дістүрімен осы көрмеде танысуға мүмкіндік алып отыр. Ал жалпы Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасқа келсек, міне еліміз егемендігін алған сәттен бері міне 30 жыл бойы екі ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы динамикалық түрде дамып келе жатыр.

Маттиас Люттенберг, ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және ОА елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілі:

– Германия мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастары жақсы дамып жатыр. Бүгін дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Біз үшін Қазақстан Орталық Азия аймағындағы сенімді әріптес және беделді саяси ойыншы. Осы ретте Қазақстанның біздің Орталық Азиямен тығыз байланысымыздың көпірі болып қала беретініне үміттенеміз.