Былтыр Қазақстанда 68 млрд текше метрден астам көгілдір
отын өндірілген. Үкіметте саланы дамыту мәселелері қаралды. 2026 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 64%-дан асқан. Премьер-министр оның
деңгейін 80% дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Болжамды теңгерімге сәйкес,
2030 жылға қарай Қазақстанда тауарлық газ өндірісі 31 млрд текше метрден аспақ.
Олжас Бектенов ресурстық базаны дамыту үшін жаңа әлеуетті учаскелерді
геологиялық зерттеу және заманауи барлау технологияларын енгізу қажеттігін атап
өтті. Осы орайда «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі,
сондай-ақ «Есіл – Астана» жаңа газ құбыры өңірлерді көгілдір отынмен қамту
сапасын арттырып, өнеркәсіптің дамуына серпін бермек. Бұдан бөлек, Үкімет
басшысы газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды және оның көлемін
бөлудің ашық тетігін енгізуді тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мемлекет саладағы ірі инфрақұрлымдық жобаларды іске
асыруға қомақты қаражат бөледі. Осы бағытта отандық өндірушілерді кепілдік
берілген тапсырыспен қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан. Өнеркәсіп және
Энергетика министрліктеріне, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 1 ай мерзімде
тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының
номенклатурасын бекітуді тапсырамын. Елімізде тұтынудың тұрақты өсуі жағдайында
қолжетімді газ көлемі бірінші кезекте тұрғындардың қажеттіліктеріне және жоғары
технологиялық өндірістерінің дамуына бағытталуға тиіс.

