Қазақстан экономикасы өсімінің драйвері - мұнай өндірісінен тыс салалар

Қазақстан экономикасы өсімінің драйвері - мұнай өндірісінен тыс салалар

Қазақстан экономикасы үздіксіз өсім көрсетіп келеді. Жартыжылдықта Жалпы Ішкі Өнім 4,1%-ға ұлғайды, ал нақты сектор 5,1%-ға дейін өскен. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бұған мұнай өндірісінен тыс салалар үлкен ықпал тигізді. Негізгі драйверлер - өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы. Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, елде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр. Мәселен, қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған қаржы шамамен 10%-ға өсті, бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 21%-дан астам ұлғайған. Үкімет сондай-ақ Ауыл шаруашылығы кешенінің экспорты өскенін атап өтті. Осылайша, алғашқы 4 айда Қазақстан шетелдік нарықтарға 3 миллиард доллардың ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36%-ке артық. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің көбеюі және бюджет кірістерінің оң динамикасы байқалады. Жыл соңына қарай Үкімет экономиканың өсімін 5%-дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі:

- Экономикалық өсудің белсенді саясаты жалғасуда. Басымдық берілетін салаларды қаржыландыру үшін бюджеттен «Бәйтерек» холдингіне көзделген 1 трлн теңгенің бүгінгі таңда 398 млрд теңгесі бөлінді. Холдинг жалпы сомасы 5,1 трлн теңгеге жобаларды қаржыландырды. Қосымша, Ұлттық экономика министрлігі барлық негізгі шикізат сегменттері бойынша 10 кеңейтілген салалық талдау дайындады. Олардың негізінде металлургия, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы және агроөнеркәсіптік кешендегі 231 перспективалық жобаның пулы қалыптастырылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?