Президент екіжақты кездесулер өткізді

Президент екіжақты кездесулер өткізді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент тағы бірқатар халықаралық компания өкілдерімен кездесті. Америкалық Wabtec компаниясы - Қазақстанның теміржол саласындағы серіктесі. Елімізге 230 млн доллардан астам инвестиция құйды. Қасым-Жомарт Тоқаев компания президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуінде еліміз локомотивтің жаңа түрлерін шығару, сервистік орталықтарды кеңейту секілді бірнеше бағытта ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Марко Мариоттимен инвестициялық ықпалдастық мәселесін талқылады. Компания орнықты дамуға және инновациялар енгізуге үлес қосып келеді. 1994 жылдан 2023 жылға дейін компания Қазақстанның бюджетіне 1,2 триллион теңгеден астам салық түсімін аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен де кездесті. Қаржы ұйымы 30 жылдан астам уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналды. Президент банктің инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Шағын және орта бизнесті одан әрі қолдауы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.

Швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесуде жергілікті мазмұнды ұлғайту мен технологияларды игеруге жәрдемдесу тетіктері пысықталды. Қазақстандық тасымалдаушыларды жаһандық қосылған құны жоғары өнім жеткізу тізбегіне интеграциялау шаралары қарастырылды. Glencore «Қазцинк» тау-кен компаниясының акциялар пакетіне иелік етеді. Компания құрамындағы кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?