Елордада «Qazdatathon» республикалық байқауы өтті. Дәстүрлі додада жас және
тәжірибелі ғалымдар әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы тың зерттеулерін
ұсынды. Барлығы 42 топ бақ сынады. Оның 10 ақтық сынға шықты. Бұл қатарда адамның
уақытты тиімді пайдалануының күнделікті өмір сүру сапасына әсері сараланған
жоба бар.
Санжар Қалқанбай, MNU ғылыми қызметкері:
- Дайын деректерді алғаннан кейін біз арқылы программалар
статистикалық анализ жасайтын боламыз. Жалпы өзінің әлеуметтік салаларда арнайы
моделдер арнайы санаулар бар. Соларды қолдану арқылы нақты шешімдерге келеміз.
Бұл жолы байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 млн теңгені құрады.
Бұдан бөлек, «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар
мектебі атынан грант иегерлері анықталды.

