Цифрлық ферма – уақыт талабы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік процесті дигитализациялау еңбек өнімділігін арттыратыны туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан және бұл – мықты экономиканың басты көрсеткіштерінің бірі. Цифрландыру бағытының басым элементтері Қызылорда облысының Шиелі ауданында көрініс таппақ. Бүгінде егістікте сенсорлық технологиямен жабдықталған комбайндар еңбек етіп жүр. Сондай-ақ мұндағы шаруа қожалығының егістігіне агрохимиялық зерттеу жүргізіліп, қоректік картаграммасы жасалды. Бұл өсімдіктің егу мерзімін, сұрпын, топырақ құрамын, тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану мен будандастыру кезеңдерін автоматты түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Асқар Бердібаев, шаруа қожалығының төрағасы:
- Жаңа технология жерді тегістеуге керек. Қазіргі уақытта лазермен тегістеудеміз. Жаңадан егінді сақтайтын технологияларды енгізіп жатырмыз. Үкімет тарапынан қолдау жаман емес, жаңа техника алып келсек, техника құнының 25% қайтаруда.
Қашықтықтан басқару қол еңбегін азайтады, тиімділікті арттырады және шығындарды азайтады. Нәтижесінде егістіктен тұтынушыға тікелей агроөнімді сапасын бұзбай жеткізуге, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.