5-6 қыркүйекте Астанада Орталық Азия мен Каспийдің энергетика апталығы өтеді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан және көршілес елдердің өкілдері қатысады.
Сонымен қатар, олардың қатарында инвесторлар мен өңірдегі «жасыл энергетикаға» көшуді қолдауға ниетті жетекші технологиялық компаниялар да бар. Форумның күн тәртібінде – нормативтік-құқықтық базаны талқылау, баламалы энергия көздерін қаржыландыру және күн фотоэлектр энергиясы, энергияны сақтау, жел энергиясы, «жасыл» сутек және гидроэнергетиканы қоса алғанда, үздік технологиялық жобалар зерделенеді.