Шоқ гүлдер – Халықаралық әйелдер күнінің басты нышаны. Қазақстанға гүлдер көбінесе шет елдерден әкелінеді. Тек соңғы екі айда ғана ел аумағына жалпы құны 8,5 млн долларға бағаланған 1 мың тоннадан астам гүл кірген. Негізгі денін раушандар құрайды. Сондай-ақ сұранысқа ие үздік үштікте хризантемалар мен қалампырлар бар. Сонымен қатар лалагүл, қызғалдақ, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер бар.
Биыл гүлдер Нидерланды, Бельгия, Германия, Эквадор, Литва, Колумбия, Өзбекстан, Кения, Словакия, Израиль және Түркия елдерінен әкелінген.