Жамбыл облысында жел және күн электр станциялары іске қосылады

Жамбыл облысында жел және күн электр станциялары іске қосылады

Өңірде жел және күн электр станциялары іске қосылмақ. Бірінші кезеңде соңғысының қуаты 100 МВт-қа жетуі мүмкін. Сонымен қатар жүзеге асырылатын тың жобалардың қатарында Түркия тарапымен күн батареяларын дайындайтын өндіріс ошағын ашу жобасы да бар. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, бүгінде жамбыл облысы жаңартылған энергия өндіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Аймақта жалпы қуаты 451 МВт-тан асатын осындай 21 нысан бар. Оның ішінде жалпы қуаты шамамен 25 МВт-тық 6 су электр станциясы, 176 МВт-қа жуық 9 жел электр станциясы, қуаты 251 МВт-тан көп  6 күн электр станциясы сәтті жұмыс істеп тұр. Бұл нысандар еліміздегі баламалы қуат көзінің шамамен 20%-ін өндіреді.