Астанада «Капулетти и Монтекки» операсының премьерасы қойылды

Астанада «Капулетти и Монтекки» операсының премьерасы қойылды

«Астана Опера» театрында «Опералия» фестивалі аясында Винченцо Беллинидің «Капулетти және Монтекки» операсының премьерасы өтті. Халықаралық опера академиясының қойылымы жас орындаушылар мен танымал сахна шеберлерін бір сахнаға тоғыстырған негізгі оқиғалардың бірі болды. Спектакльдің қоюшы-режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Евгений Чайников әртістердің дайындық пен қойылым барысында бар өнерін ортаға салып, туындының мағыналық және эмоциялық тереңдігін толықтай ашқанын атап өтті. Қойылымды «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзиннің басқаруындағы симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Маэстро Джульетта мен Ромео дуэттерінде сопрано мен меццо-сопраноның бастапқы дауыстық үйлесімін сақтай отырып, партитураны қазіргі заманауи бағытқа бейімдеу идеясынан бас тартқанын айтты.


Руслан Баймурзин, «Астана Опера» театрының қобшы-дирижері, «Құрмет» орденінің иегері:


- Бұл қойылымда біз Ромео мен Джульетта арасындағы махаббатты ғана емес, қақтығысты да қозғадық. Бұл мәселе қазір де өзекті деп айтуға болады. Онда саясат та, фракциялар, отбасылар арасындағы дау да бар. Өкінішке қарай, бұл әлі күнге дейін өзекті. Әрине бұл қақтығыстардың бәріне төтеп беретін сезім, ол махаббат. Көрермендер біздің күш-жігерімізді, еңбегімізді және әдемі дауыстарымызды лайықты бағалайды деп үміттенемін.


Әсіресе Ромеоның партиясы тыңғылықты вокалдық дайындықты талап етті. Оны жас вокалист Василиса Савкина орындады. Әншінің алдында вокалдық шеберліктен басқа, актерлік жағынан өзгеріс міндеті тұрған. Оның кейіпкері - жас ер адам болғандықтан, орындаушы әдеттегі қозғалысын, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын өзгертуі қажет болды. Василиса дайындық пен қойылымда тек вокалдық жағынан ғана емес, актерлік шеберлігін таныта отырып, ер адамның бейнесін сақтауға тура келетінін атап өтті.


Василиса Савкина, Ромео партиясын орындаушы:


- Беллинидегі Ромео партиясы бастапқыда драмалық меццо-сопрано үшін жазылған. Яғни, опера әншісінен 2,5 октава дейінгі үлкен диапозонды қажет етеді. Бұл көп дайындықты және уақытты талап етеді. Жеке дайындықты 2024-ші жылдың желтоқсанында бастадым. Жалпы, музыканың өзі өте жағымды, әуезді, бәрі керемет. Орындау кезіндегі техникалық қиындықтар сахнада өзіңді еркін ұстауға мүмкіндік бермейді.


Қойылым авторлары орта ғасырдың атмосферасын дәл жеткізуді және вокал, актерлік ойын және көрнекі өнер синтезі арқылы опера драматургиясын жандандыруды мақсат етті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?