Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау
шаралары күшейтіліп келеді. Ел Үкіметі осыған бағытталған кешенді бағдарламаны
қабылдады. Оның аясында тиімді жобаларға демеу жасау көзделген. Енді жаңа
жобаларды субсидиялау үшін бөлінетін бар бюджеттің жартысына дейін өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар
арасында жүзеге асырылады. Бұған қоса несиелерге кепілдік беру құралы кеңейтіліп,
мемлекеттік қолдаудың баламалы құралы ретінде бірнеше банк арқылы
синдикатталған несиелеу қарастырылған. Жақын арада өндірісті қолдаудың өзге де
сараланған тетіктерін енгізу жоспарлануда. Бұл ретте жоғары технологиялық дайын
өнім шығаратын кәсіпкерлер үшін қолдау шаралары ұзақ мерзімге арзандатылған
несие беруді қамтитын болады. Жалпы биыл 6 айда жаңартылған бағдарлама аясында
жалпы құны 700 млрд теңгеден асқан субсидиялар мен кепілдіктер түріндегі қолдау
шараларымен шамамен 14 мың бизнес жоба қамтылды.