Елордада бүгін «Астана Опера» театрының мерейтойлық Х маусымының ашылуы өтеді. Айтулы датаға театр ұжымы жыл басынан бері дайындалды. Жаңа маусымда театр талғампаз көрермен назарына бірнеше премьера ұсынады.
Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» театры опера труппасының директоры:
– «Қалқаман» опера балеті Балнұр Қыдырбектің өзіміздің жергілікті, Қазақстанның композиторы, оның алдында Прокофьевтің «Золушка» балеті қойылмақ, камералық операда жаңадан кішігірм операларымыз, кішкентай көрермендерге арналған «Қаңбақ шал» балаларға арналған опера қойылады. Биылғы маусымның жоспары осындай.
Театрдың жаңа маусымы опера жанкүйерлері үшін тосынсыймен ашылмақ. «Астана Опера» сахнасында әлемдік сахнанының примадоннасы, «Грэмми» сыйлығының иегері Суми Чо ән шырқайды. Ол осыдан 10 жыл бұрын бас шаһарда өнер көрсеткен, бүгінде опера әншісі қазақстандық көрерменмен қайта қауышатынына қуанышты. Ол «Астана Опера» сахнасында отандық жұлдыздар – Азамат Жылтыркөзов, Медет Чотабаев, Татьяна Вицинскаямен бірге өнер көрсетеді.
Суми Чо, опера әншісі, Оңтүстік Корея:
– «Астана Опера» сахнасында оған қоса жаңа мерейтойлық маусымның ашылуында өнер көрсету мен үшін құрмет. Мен театрдың ұжымыммен, әртістерінінің қандай талантты әрі танымал өнер жұлдыздары екенін жақсы білемін. Шақырту алғаныма өте қуаныштымын және бұл сахнада көрермендермен жиі қауышқым келеді.
Мерейтойлық концерт биыл Қазақстан мен Корея республикаларының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына орайластырылғанын айта кеткен жөн.