Астанада майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді

Астанада майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді

Ер есімі - ел есінде! Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді. «Ерлік пен адалдық» медалі 9 қазақстандық батырдың туыстарына табысталды. Салтанатты іс-шараны әскери-тарихи мұражай мен «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағы ұйымдастырды. Марапатталған майдангерлердің сүйегі іздестіру жұмыстары кезінде жақында ғана табылған. Топ басшысы Майдан Құсайынов бұл игі іс әлі жалғасатынын жеткізді. Басты мақсат - сұрапыл соғыс жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін өз еліне жеткізіп, кіндік қаны тамған жер қойнына тапсыру.

Майдан Құсайынов, «Мемориалдық аймақ» іздестіру тобының жетекшісі:

- Бұл хабарсыз кеткен немесе ұрыс даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгер-командирлерді «Ерлік пен адалдық» медалімен марапаттаудың екінші рәсімі. Қазірдің өзінде Финляндиядан да сұраулар түсіп жатыр. Тағы бірқатар елден аталған медаль бар екенін естіп, хабарласып жатқандар бар. Сондықтан алдағы уақытта Финляндияда, Грузияда дәл осындай шара өткізуді жоспарлап отырмыз.

Розахан Оспанова, Ұлы отан соғысы жауынгерінің ұрпағы:

- Мен осында өтіп жатқан іс-шараға шақыртуымен келдім. Бұл жерден менің өз әкемнің туған 3 ағасы соғысқа кеткен. Сол 1941-1945 жылдары солардың қайда қалғаны табылды. Соның құрметіне келіп отырмын. Бұл жерде жүрген қызметкерлердің бәріне ризамын, рақмет! Аталарымызды тауып берді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?