Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен «Amanat» партиясының Хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды.
Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қоғаммен байланыс» және «журналистика» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатыларынан өтіп, 2016 жылы «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды. «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.