Қазақстан
2026 жылы жаңа жаңа спутниктерді ұшыруды көздеп отыр. Олар 2021 жылы жарамдылық
мерзімі аяқталған KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жерсеріктерін алмастырады. Цифрлық
даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының айтуынша, арнайы мамандар техникалық
аудит жүргізіп, олардың қолдану уақытын 2023 жылдың аяғына дейін ұзартқан.
Баубек
Оралмағамбетов, ҚР ЦДИАӨМ аэроғарыш комитетінің төрағасы
- Біздің
болжауымыз бойынша, 2026-27 жылдарға дейін біздің қазір ұшып жүрген
жерсеріктеріміз жұмыс істеу керек. Бірақ оларды ауыстыру керек, ол өте үлкен,
маңызды мәселе. Биыл біз KazEOSat-MR деген орташа айырықтау қабілеті 5 м
пиксель болатын түсірілім жасайтын үш спутникке контракт жасадық, олар 2026
жылы ұшырылуға тиіс.
Еске сала
кетейік, KazEOSat-1 және KazEOSat-2 2014 жылы орбитаға шығарылды. Жерді
қашықтан зондтау ғарыш жүйелері арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман және
су ресурстарын, жерді пайдалануды, табиғатты қорғауды, сондай-ақ Төтенше
жағдайлар министрлігі, Азаматтық авиация комитеті және басқа да мемлекеттік
органдарға мониторинг жүргізіледі.