Шымкентте Орталық Азиядағы ірі халықаралық
автомагистральдің құрылысы аяқталуда. Трасса жыл соңына дейін екі бағытта да
іске қосылады. А2 аталған автожол бірнеше мемлекетті - Қазақстан, Қырғызстан
және Өзбекстанды біріктіреді. Алматыдан бастау алатын трасса Бішкек пен Ташкент
арқылы өтеді. Оның құрылысының сапасына баса назар аударылды. Мұнда жүк
көліктері жүретіндіктен, соған төтеп бере алатын берік материал пайдаланылды.
Сонымен қатар, жол төсемі 9 метрден 20 метрге дейін кеңейтілді. Айта кетейік,
Президент халыққа Жолдауында еліміздегі жол құрылысының сапасына баса назар
аударуды тапсырды. Ол үшін инновациялық әдістер мен озық шешімдерді белсенді
қолдануға шақырды.
Ролан Ибрагимов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Биыл біз барлық учаскелер бойынша жолды қолданысқа
беруді жоспарлап отырмыз, өйткені бұл жол «Ташкент-Түркістан-Алматы» бағытын
жалғайды. Барлық Оңтүстік транзиттік автомобильдер осы жолмен өтеді.