Астана Қазақстанның ең тартымды қалаларының бірі ретінде өз орнын сенімді түрде нығайтып келеді. Елордаға жаңа мүмкіндіктер іздеп мыңдаған адам келеді. Елдің басты қаржы және әкімшілік ресурстары дәл осында шоғырланған. Шаһардың негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы energyprom.kz порталында көрсетілген. Басылымның мәліметінше, халықтың қарқынды өсуі құрылыстың, ішкі нарықтың және жылжымайтын мүлік саласының дамуын ынталандырды. Қазақстанның бас қаласы қызмет көрсету саласында да көшбасшы. Оған жалпы өңірлік өнімнің 80% жуығы тиесілі. Бұл мегаполистің еліміздің зияткерлік және қызмет көрсету орталығына айналғанын растайды. Елдің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Астана Алматы мен Қарағандыны басып озып, республиканың ақылды қалалары рейтингінде де алда келеді. Бұдан басқа, Астана Oxford Economics Global Cities Index 2025 зерттеуіне сәйкес Азияның үздік 40 қаласының қатарына енді. Жалпы, елорда бизнес пен жаңа идеяларды тарту орталығы мәртебесін сақтап отыр. Мұнда өмір сүру сапасының заманауи стандарттары мен жаңа экономикалық модель қалыптастырылып, ауқымды жобалар іске асырылуда. Ең бастысы, сарапшылардың айтуынша, мегаполистің жан-жақты әрі орнықты дамуға әлеуеті бар.

