Орталық Азиядағы ең
ірі инновациялық технопарк – Астана хабқа 5 жыл. Осы уақыт ішінде оның құрамындағы IT-компаниялардың
ортақ табысы бір жарым млрд доллардан асты. Тартылған инвестиция көлемі АҚШ
валютасында 500 млн асып жығылады. Хабтың осы жылдардағы жетістіктері туралы
бүгін елордада «Silk Way» акселерациялық бағдарламасының төртінші ағыны аясында
тағы бір сараланды. Айта кетейік,
бірегей білім беру жобасын Астана Хаб «Google for Startups» бірлесіп ұйымдастырды.
Түскен 200 жуық өтінімнің ішінен 15 үздік жоба іріктелді. Негізінен Қазақстан,
Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстаннанның озық бастамалары.
Нәтижесінде 12 апталық оқыту курсынан 12 қанатқақты жоба өтті. Олардың мүмкіндіктерін әлеуетті инвесторлар сынады. Яғни,
өміршең бастамалардың нарыққа шығу жолдары қаралып жатыр. Олармен бейінді ведомство басшысы Бағдат
Мусин де танысты.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Бүгінгі таңда
Astana Hub-тың осы экожүйесінде 1300-ден
аса стартаптан тіркелген. Бұл ел экономикасының маңыздылығын арттыратын
стартаптар. Бүгінгі таңда 1300 компанияда 20 мың адам сәтті жұмыс істеп келеді.
Биыл IT өнімдерінің экспортын АҚШ валютасында 500 млн жеткіземіз деп ойлаймын.
Біздің IT-индустриямыз дамып келеді, бұл мультипликатордың бір түрі, өйткені
IT-индустрия экономиканың барлық салаларын қамтиды.