Астана
мектептеріне мұғалімдер жетпейді. Маман тапшы. Мектептер әсіресе, физика,
математика, биология мамандарына зәру. Бұл олқылықты жою мақсатында 2018 жылдан
бастап әкімдік жастарға арнайы грант бөліп келеді. Студенттер жоғарғы оқу
орындарында тегін оқиды. Әрі жұмыс іздеп табандарынан таусылмайды.
21 жастағы Сержан Серіков биология пәнінің мұғалімі. Қаршадайынан осы мамандыққа машықтанған. Жас маман 4 жыл бұрын Астана қаласы әкімдігінің грантымен білім алып, биыл еш кедергісіз жұмысқа орналасқан.
Сержан Серіков, жас маман:
- Баламен ауызекі тілде
емес, бос сөйлескен ұнайды. Мысалы кейбір оқушылар болуы мүмкін. Мұғалімнен
қысылып, ұялып бүгінгі тақырыпты түсінбегенін айтпауы мүмкін. Жігіттер, қыздар
түсінбедіңіздер ме, не түсінбедіңіздер айтып берейін деп, ұрыспаймын деймін.
Кәдімгідей досы, ағасы секілді.
Жанар Шәрипова да жас маман. Бірінші мамандығы бала-бақша тәрбиешісі. Алайда, уақыт өте ұстаздықты ұнатып, мұғалім болуға бекінген. Айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырының гранты арқылы жұмысқа орналасу едәуір жеңіл болған.
Жанар Шәрипова жас
маман:
- Қазір конкурстан
өту жас мамандарға өте қиын. Себебі біз конкурсқа келгенде зенрттеуші
мамандармен, модераторлармен түскенде бәсекелестік көп болады. Сол себепті жас
мамандарға ол қиын.
Биыл 360-тан астам түлек ЖОО-ын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тәмамдады. Оның 120-ға жуығы педагогикалық мамандықта білім алған студенттер.
Серік Әділбаев
Астана Қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары:
2027 жылға дейін
Астана қаласының мемлекеттік тапсырысы бойынша пед. мамандықтар бойынша шамамен
2926 адам оқыту жоспарлануда.
Қазір мектептерде бастауыш сынып мұғалімі, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика сынды пәндердің мамандары тапшы. Алдағы уақытта қла әкімдігі бұл тапшылықтың орнын өздерінің тапсырысымен толтырамыз деп отыр.