Ашхабад пен Анкара өзара экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуда.
Тараптар Түрікменстан-Түркия Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында тауар
айналымын ұлғайту, бірлескен жобаларды дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
мәселелерін жан-жақты талқылады. Ал, Анадолы елінің төл өнімдерімен жергілікті қауымды
етене таныстыру мақсатында Түрікменстан астанасында экспорттық тауарлар көрмесі
ұйымдастырылды. Онда 70-тен астам компания өз өнімдерін ұсынды. Негізінен тоқыма,
құрылыс материалдары, машина жасау жаңартылатын энергия көздері мен электроника
тауарлары көрсетілді. көрме аясында қос елдің іскер азаматтары инновациялық
технологиялар бағытында тәжірибе бөлісіп, шеберлік алмасты. Түркияның сауда
министрі дәстүрлі шара жаңа іскерлік байланыстарды орнату үшін тиімді тұғырнамаға
айналғанын айтады.
Омер Болат, Түркияның
сауда министрі:
- Келер жылы осы елге әкелетін өнімдердің түрлері мен көлемін арттыруды және өзімізде түркмен-түрік көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса Түркместанға арналған жеке көрмені ұйымдастыру жағы да қарастырылуда. Бұндағы мақсат жылдық тауар айналымды 5 млрд долларға жеткізу. Былтыр бұл көрсеткіш АҚШ валютасында 2,7 млрд болды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

